250
Әдеттегідей, елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Соның арқасында қазақстандықтар жалпы саны 11 күн демалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сонымен 1 мамыр – Халық бірлігі күні қазақстандықтар демалады:
- Бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан, 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады;
- Алты күн жұмыс істейтіндер екі күн қатарынан, 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады.
Одан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні бар:
- Бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан демалады 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
- Алты күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі) күндері демалады.