Жыл басынан бері облыс полицейлері жасөспірімдерге қатысты 6 қылмыстық іс жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар өткен жылы тіркелді. Арасында заңға бағынбай қитұрқы әрекетке қайта барғандар да кездеседі. Мәселен 16 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны бір емес, бірнеше бұзақылық жасап, денсаулыққа зиян келтіру бойынша жазаланды. Салдарынан құқықбұзушы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның назарына ілікті. Енді жас азаматқа қатысты материалдар ерекше режімдегі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберіледі.
– Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарға қатысты жағдай көбірек алаңдаушылық туғызады. Биылдың өзінде 17 жас азамат арнайы комиссяның назарына ілікті. Профилактикалық жұмыс барысында ювеналды полиция қызметкерлері қылмыстың құрбаны болмау туралы ескертуге ерекше назар аударады, – деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.