Жапонияның Йокогама қаласында кекушинкай каратэден 5-ші абсолютті Әлем кубогы өтті. Дүбірлі додаға солтүстікқазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төрт жылда бір рет өтетін жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысуға ниет білдірді. Ұлттық құрама сапында екі жерлесіміз өнер көрсетті. Әлем кубогында солтүстікқазақстандық Людмила Бутенко мен Светлана Малихтарович жапондық қарсыластарының алдын орап, финалдық жекпе-жектерде бақтарын сынады. Людмила Бутенко алтынннан алқа тағынса, ал Светлана Малихторович Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.