СҚО-да 35 жол-көлік апаты тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста соңғы үш айдың ішінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жол-көлік апаттары салдарынан 65 адам түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ бір адам қаза тапты. Полицейлердің сөзінше оқиғалардың ең көп тараған түрі – бетпе-бет соқтығысу, оның кесірінен 20 апат орын алды.

– Мас жүргізушілердің кінәсінан үш жол апаты болды. Оның салдарынан бес адам жарақат алды. ЖКО-ның тағы бір кең тараған түрі – жаяу жүргіншілерді соғып кету. Жыл басынан бері осындай 9 оқиға тіркелді. Оларда 9 адам зардап шекті, ал төртеуі — белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуіне байланысты. Қозғалыстың барлық қатысушыларына жаяу жүргіншілер өткелдерінде ерекше қырағылық танытуға кеңес береміз. Апаттылықты азайту үшін полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Айта кетейік, СҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Аталған іс-шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға және қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібін арттыруға бағытталған, – дейді  СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz