Петропавлдағы жоғары оқу орнында халықаралық конференция өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ғылым күніне орай  «Жастар және ғылым – 2023» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Конференицяда түрлі салада ізденіп, зерттеу жүргізіп жүрген  ғалымдар қатысып, жетістіктерімен бөлісті. Шараны жоғары оқу орнының инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі Дамель Мектепбаева ашты.

– Ғалымдардың қатысуымен өтетін мұндай шаралар ғылым жолын таңдаған студенттер үшін аса маңызды.   Бұл  конференцияға жас ғалымдар  алғаш рет қатысып отыр. Ғылым саласына алғашқы қадамдар осындай шараларға қатысудан басталады.   Өткен жыл жоғары оқу орнының  ғылым қызметкерлері үшін  табысты болды. Биылғы жылдан да үмітіміз зор, – деді Дамель Мектепбаева.

Жиын пленарлық отырыспен  жалғасып,  жас ғалымдар баяндамалар жасады. Олар «Академиялық ұтқырлықтың болашақ педагогтардың тұлғалық-кәсіби қалыптасуына әсері», «Балалар аспаптық орындауындағы қазақ фольклоры»  сынды тақырыптарға жазылған зерттеу еңбектерін жұртшылыққа ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz