Облыста 500-ге жуық тарихи орын бар. Оның 34-і «Киелі жерлер картасына» енген, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Киелі жерлер картасына» енген тарихи-мәдени орындардың 9-ы республикалық маңызға ие. Жыл сайын бұл объектілерді көруге жүздеген турист келеді. Арасында Алашорда қайраткерлері жұмыс істеген нысандар бар.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, тарихи маңызға ие нысандардың қатары толығуы мүмкін.
– 1918 жылдың мамыр айынан бастап, елімізде Алашорда қайраткерлері өз билігін жүргізді. Сол кезде біздің қаламызда Алаш қозғалысын қолдаған азаматтар болды. Олардың үйлері, қызмет орындары анықталды. Ғалымдардың дәйекті ақпаратының арқасында кей нысандар «Киелі жерлер картасына» енгізілді. Бұл жұмысты жалғастырамыз, – дейді Сәуле Мәлікова.