Ел біріншілігінде «Барс» командасы күміс жүлдегер атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Баскетболдан Қазақстанның жоғары лига командаларының чемпионаты аяқталды. Солтүстікқазақстандық «Барс» клубы ел біріншілігінің күміс жүлдесін ұтып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде «Барс» командасын облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

– Бірнеше жылдан бері солтүстікқазақстандық баскетболшылар еліміздің ең мықты үш клубының қатарынан көрініп келеді. Спортшыларды, жаттықтырушыларды және баскетбол клубының басшылығын маусымның сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Сіздерге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін, – деп жазды СҚО әкімі.

33 турдың қорытындысы бойынша петропавлдық ойыншылар 29 ойында жеңіске жетіп, 4 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Жоғары лигада Шымкент қаласының командасы топ жарса, жерлестерімізден кейін үздік үштікті алматылық «Алматинский легион 2» клубы түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz