Н.Погодин атындағы орыс драма театрының қоюшы-суретшісі, Қазақстан суретшілер одағының Солтүстік Қазақстан филиалының төрайымы Ғалия Қожахметова Алматы қаласындағы «Жаңа Қазақстан. Жаңғыру» атты республикалық симпозиумға қатысып қайтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Еліміздің өзге өңірлерінен келген қатысушылар қалың қауымды өз туындыларымен тәнті етті. Шара барысында суретшілер арасында дәрістер, көрмелер ұйымдастырылды. Әр қатысушы симпозиум атауымен байланысты екі тұжырымдамалық жұмысын таныстырды. Ғалия Қожахметова «Переход» және «Совершенствование» картиналарын көрермен назарына ұсынды.
– Өнертанушылар комиссиясының алдында жұмысымызды қорғадық. Барлығы жоғары деңгейде болды, – деді Ғалия Ошайқызы.
Алматының орталық мұражайының қызметкерлері «Переход» картинасына қызығып, оны көрермен назарына ұсыну үшін алып қалыпты.