СҚО-да орынбасарының жемқорлығы үшін аудан әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі өз орынбасары Серік Құсановтың сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тәртіптік жазаға тартылып, қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барды. Жақында аудан әкімінің орынбасары Серік Құсанов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин әкімнің бұрынғы орынбасары өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, жол-құрылыс компаниясының директорына Булаев қаласының көшелерін жаңғырту бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігі бар екендігі туралы жалған ақпарат берген.

— Бұл факт алаяқтыққа әрекет ретінде танылды, өйткені бұл жұмыс түрін орындау туралы шарт аудан әкімдігімен емес, Булаев қаласының әкімдігімен жасалған, сондықтан шарт бойынша қаржыландыруды ұлғайту сотталушының құзыретіне кірмеген. Апелляциялық сатының шешімі бойынша Құсановқа қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді Дамир Хабибулин.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың дербес жауапкершілігі қарастырылған. Атап айтқанда, айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін мемлекеттік саяси қызметшілер 10 күн ішінде отставкаға берулері тиіс.

Айдос Жүнісовтың айтуынша, аудан әкімі заң талаптарын сақтаған. Облыс әкімі өзінің қарамағындағы қызметкердің отставкасын қабылдамай, оған қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданды.

Бұған дейін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz