СҚО-да кене шағудың 3 фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сәуір айының басында 3 облыс тұрғынын кене шақты. Оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала болса, біреуі ересек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Әсет Жұматаевтың айтуынша, өткен жылы кене шағудың 672 фактісі анықталып, кене энцефалитінің 3, лайм ауруының 2 жағдайы тіркелді.

– Кене шағудың фактілері 2021 жылмен салыстырғанда былтыр 1,5 есеге артты. Биыл бұл оқиғаларды болдырмау мақсатында жұмыс жоспары құрылды. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде үстіміздегі жылдың сәуір және қыркүйек айлары аралығында Қызылжар ауданы Бескөл және Пеньково ауылдарында кенеге қарсы дезинсекциялық іс-шаралар өткізілетін болады. Кейін бұл жұмыстар қала аумағын қамтиды, – дейді Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz