Футболдан ел біріншілігі аясында өткен 6-турда солтүстікқазақстандық «Қызылжар» командасы «Ақсу» клубымен кездесті. Павлодарда өткен матчта жерлестеріміз қарсыластарынан 0:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Премьер-лига ойындары аясында «Қызылжар» командасы павлодарлық «Ақсуды» жеңіп, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Матч басталысымен жерлестеріміз шабуылдарын үдете түсті. Бірақ біразға дейін есеп өзгеріссіз сақталып тұрді. Тек кездесудің 78-ші минутында қақпаны алыстан нысанаға алған Пернамбуконың соққысы нәтиже әкелді. Араға үш минут салып, Марат Шахметов қызылжарлықтардың есептегі басымдығын еселеді. Қорытынды есеп 0:2, кезекті жеңіс солтүстікқазақстандық аяқдопшылардың еншісінде.