Өткен жылы облыста саудаланған азық-түлік өнімдеріне өңірдегі статистика департаментінің мамандары зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметінше, өткен жылы солтүстікқазақстандықтардың ең көп тұтынатын азық – түлік өнімдерінің қатарына сүт, жұмыртқа жатқызылса, май мен балық аз желінетіндердің қатарына қосылды.
Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда жұмыртқаны, ет пен сүтті көбірек тұтынады – айырмашылық шамамен 1,5 есе, бірақ картоп, тәттілер мен нанды аз пайдаланады. Көкөністер, майлар рационда нормадан аз болып шықты. Ал жемістерді көбірек қалалықтар жейді, картопты ауылдықтар көбірек тұтынады.
Наурыз айының қорытындысы бойынша өңірде бір жыл ішінде тоқаш және ұн кондитерлік өнімдерінің бағасы 43% – дан астамға өсті. Шай 36% – ға, жарма 32% – ға, кондитерлік өнімдер 30% – ға, макарон өнімдері 30% — ға қымбаттады. Сүт өнімдерінің құны 26% – ға, ұн 20% – ға, ет шамамен 17% – ға, шұжық пен жеміс 16% — ға өсті.