Саяжай учаскелерін су басты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл өзені арнасынан шығып, Петропавлдағы саяжай учаскелерін су басты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Петропавл арқылы өтетін «Черлябі-Новосібір» тас жолын су басты. Қазіргі уақытта Ресей бағыты бойынша қатынайтын көлік қозғалысына шектеу қойылды. Дегенмен, жолаушылар айналма жолмен қатынай алады. Ал саяжайларға өтуге тыйым салынған. Қауіпті аймақта тәртіп сақшылары мен құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр

 — 30 тарта саяжай учаскесін су басты.  Бұған дейін Петропавлда су басуы мүмкін саяжай қоғамдарында жадынамалар таратылды.  Барлығы 5 мың учаске иесі қамтылды. Қауіптенуге еш негіз жоқ. себебі бұл учаскелерде адамдар тұрмайды. Бір айдан соң су кетіп,  бағбандар жеміс-жидек еге бастайды, — дейді Петропавл қалалық төтенше жағдай басқармасының бастығы Назымбек Елемесов.

Өңірде бірнеше гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. Күн сайын Есіл өзеніндегі су деңгейі бірнеше рет тексеріліп, мониторинг жүргізіледі. Су басқан жол 20-шағын ауданды Заречный кентімен жалғайды. Мамандардың айтуынша, Есіл өзені Петропавлда сәуірдің 20-21 күндері шарықтау шегіне жетеді. Тұрғын үйлерді су басса, адамдар эвакуациялық пункттерге көшіріледі. Бірнеше мектеп дайын тұр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz