СҚО-да жыл басынан 237 заңды тұлға тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыс аумағында жаңадан 237 заңды тұлға тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сондай-ақ жыл басынан бері 107 заңды тұлға таратылды. Олардың жалпы санынан 11,2 пайызы жұмыс істемейтін кәсіпорындар болып табылды. Бұл ұйымдар Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша қызметтерін тоқтатты.

— 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген заңды тұлғалар 11259 бірлікті құрады, одан 97,7 пайызы – шағын (қызметкерлер саны 100 адамға дейін), 1,8 пайызы – орта (101-ден 250 адамға дейін) және 0,5 пайызы – ірі (250 адамнан артық) кәсіпорындар болып табылады. Жеке меншік нысанына – 9148 (81,3 пайыз) заңды тұлға, мемлекеттік меншік нысанына – 1405 (12,4 пайыз), шетелдік меншік нысанына 706 (6,3%) заңды тұлға ие. Салалық құрылымда көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (27,1 пайыз), ауыл, орман және балық шаруашылығы (13,2 пайыз), құрылыс (9,3 пайыз) ең көп үлеске ие. Заңды тұлғалардың 9581 (85,1 пайызы) өз жұмыстарын жалғастыруда. Олардың 63,2 пайызы – белсенді, 29,7 пайызы– уақытша белсенді емес, 7,1 пайызы – жаңадан тіркелген. Басшы әйелдердің көбі тұрақты түрде мынандай салаларда жұмыс істейді: білім беруде – 62,6 пайыз , қаржы және сақтандыру қызметінде – 46,5 пайыз, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде – 45,2 пайыз, жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын операцияларда – 42,6 пайыз, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 41,7 пайыз, – дейді Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Арғымбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz