Пиязды елден шығаруға салынған шектеу алынып тасталғаннан бері 34 кәсіпкер квота шеңберінде экспорттауға рұқсат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігі таяуда пияз экспортына салынған шектеудің күшін жойды. Алайда, шет елге шығаруға 20 мың тонна көлемінде квота белгіледі.
Ведомство ақпаратына сай, 13 сәуірге дейін 34 кәсіпкер 4 828 тонна пиязды өзге мемелекеттердің нарығына шығаруға рұқсат алған. Квота бойынша енді 15 171 тонна қалып отыр.
Тоқтала кетсек, жақында жауапты министрлік 28 сәуірге дейін Қазақстан аумағынан 20 000 тонна пиязды үшінші мемлекеттерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге квота енгізген болатын.