Петропавл жылу-электр орталығына айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл жылу-электр орталығының мамандары тексерістен өтпеген жылу есептегіш құралдарын қолданған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған фактіні ҚР Метрология және техникалық реттеу комитетінің қызметкерлері анықтады.

– «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамына қарасты Петропавл жылу-электр орталығында тексерістен өтпеген өлшеу құралдары қолданылған. Бұзушылықтар метролог мамандардың жоспарлы тексеру жұмыстары кезінде анықталды. Белгілі болғандай, кейбірі 4 айдан артық уақыт тексерілмеген. Олар – жылу есептегіштер, диспенсерлер, термометрлер, — делінген ҚР Метрология және техникалық реттеу комитеті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Энергетикалық кәсіпорындардағы барлық технологиялық процестерді – энергияны өндіру, тасымалдау және есепке алу режімдерін бақылау үшін әртүрлі жұмыс принципінің құралдарын қолдана отырып, әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және тіркеу қажет.

Өлшем құралдарын тексерусіз қолдану «ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Заңын» бұзу болып табылады. Осы бұзушылық үшін кәсіпорынға әкімшілік жаза қарастырылған, ол шамамен 1600 АЕК — 5 520 000 теңге көлемінде айыппұлды құрап отыр.

Қазіргі уақытта қысқартылған өндіріс тәртібінде бұзушылық жасау фактісін мойындауға байланысты кәсіпорын 50% — 2 760 000 теңге мөлшерінде айыппұл төледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz