Соңғы үш айдың ішінде облыс жолдарында 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 65-і түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Брифингке қатысқан СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыс жолдарында тіркелген жол-көлік оқиғалары туралы баян етті. Оның сөзінше, былтыр өңірдің автожолдарында 11 адам қаза тауып, 50-уі жарақаттанды.
– Биыл облыста тіркелген 35 жол-көлік оқиғасының 20-сында теміртұлпарлар бетпе-бет соқтығысты. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Сондай-ақ жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамай, қауіпті маневр жасаудан сескенбейді. Бұл әрине оқыс оқиғаларға соқтыруы мүмкін, – деді Айдан Қабдұлдинов.