Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзудың 16 мыңнан астам фактісін тіркеді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 518-ге көп болып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-ші бабы бойынша көлікті мас күйде тізгіндеген 237 жүргізуші анықталды. Олар 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Енді бұл азаматтар 7 жылға дейін теміртұлпарды тізгіндеу құқығанан айырылады, – дейді СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.
Естеріңзіге салсақ, бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғандардың мас күйде темір тұлпарды тізгіндеу фактілері анықталса, бұл азаматқа қылмыстық жаза қарастырылады. Оның негізінде айыпталушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Биылдың өзінде мұндай құқықбұзушылыққа барған 68 адам анықталды.