Пауэрлифтингтен Ресейдің Омбы қаласында Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеден солтүстікқазақстандық атлеттер жүлделі оралды, деп хабарлайды Qyzyljatnews.kz тілшісі.
Еуропа біріншілігінде өңір намысын 6 спортшы қорғады. Жерлестеріміз пауэрлифтинг пен «WPC-AWPC федерациясының» жекелей бағыттары бойынша сынға түсіп, 16 алтын медальға қол жеткізді.
Солтүстікқазақстандықтар Юрий Яшин, Сергей Замалиев, Евгений Гуляко, Федор Вязовой, Иван Царев пен Роман Гнатенколар «Фитнес бар» командасы сапында өнер көрсетіп, әрқайсысы Еуропа мен Ресейдің рекордтарын жаңартты.