Петропавлда қоқыс шығару тарифі екі есеге өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қалалық мәслихатының депутаттары тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа тарифті бекітті. Ол бұған дейінге төлемнен шамамен екі есеге артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тариф Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелгеннен кейін қолданысқа енеді. Енді шаһар халқы, соның ішінде жеке үй тұрғындары тұрмыстық қатты қалдықтар үшін бір адамға 510,15 теңге төлемек. Көппәтерді үйдің тұрғындары бір адам үшін айына 480 теңге төлейді. Ал заңды тұлғалардан 1 шаршы метр үшін 2782 теңге алынбақ. Депутаттар бұл шешімге келмес бұрын коммуналдық кәсіпорындардың да, тұрғындардың да пікірін тыңдап, есепке алды.

Петропавлдықтар соңғы кезде қоқыс ыдыстарынан қалдықтың уақытында шығарылмауына жиі шағымданатын болған. Ал коммуналдық қызмет көрсететін компаниялар өз кезегінде оның күнделікті шығарылмауын тарифтің төмендігімен, жұмыстың өзін ақтамауымен түсіндіріп келді.

Кәсіпкерлердің айтуынша, коммуналдық кәсіпорындардың бүгінде кірісі шыққан шығынды жаппайды. Бірнеше жылдан бері арнайы техника жаңартылмаған. Мұның бәрі қызметтің сапасына әсер етіп отыр.

Жалпы Петропавлда соңғы рет қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі 2018 жылы көтерілген. Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдық үшін көпқабатты үйлердің тұрғындары бір адам үшін — 220 теңге, жеке тұрғын үйлер — 234 теңге, ал заңды тұлғалар 1 текше метр үшін — 2530 теңге төлеп отыр. Ал тұрғындардың қоқыс үшін қарызы бүгінде 23 млн. теңгеден асып кеткен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz