Ел экономикасы 4,9 пайызға өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы 4,9% өсті. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Бүгінде ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты өсу жолына түсті. Сонымен қатар әлемде санкциялық саясаттың шиеленісуі, жеткізу тізбегінің үзілуі, инфляция мен азық-түлік бағасының өсуі жаһандық экономиканың баяулауына үлкен әсер етіп жатыр. Атап айтқанда, Халықаралық валюта қоры жаһандық инфляция болжамын 2023 жылы 7 пайызға дейін көтерсе, жаһандық экономикалық өсу болжамын 2,8 пайызға дейін төмендетті, — деді Әлихан Смайылов.

19 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Жиынға премьер-министр, парламент палаталарының спикерлері, президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, сенат пен мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz