ҚР Президенті: «Әкімдер өз қаласын жаяу жүріп, аралауы керек»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте қалалар мен әкімдерді сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл — муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді? — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.

— Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалар өте нашар көрінеді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Сысалы, Семейдегі балалар алаңын көрсетті. Оны пайдалану қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек, — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz