Петропавл полицейлері ауыр қылмысты ашуға көмектескен тұрғынға алғыс білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының бас полицейі қылмысты дер кезінде анықтап, ашуға көмектескен қала тұрғынына Алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қазан айында Евгений Ростовский домофон қоңырауы арқылы кіреберістің есігін ашып, кімнің қоңырау шалғанын тексеру үшін бірден пәтерінен шыққан. Ол ес-түссіз күйінде қансырап жатқан адамды кіреберіске әкелген екі жігітті көріп қалады. Олардың өз-өзін ұстауы және полиция шақырылды ма деген сұраққа жауап бергісі келмеуі Евгенийге күдікті болып көрінді. Сондықтан азамат дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, кезекшіге шұғыл медициналық көмек қажет екендігін ескертті. Осы уақытта екі жас жігіт қашып кетуге тырысқан. Олардың біреуін Евгений полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Кейіннен белгілі болғандай, қашып кеткен 20 жастағы қала тұрғыны жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған және досымен бірге ұрып-соққан адамды пәтеріне апару туралы шешім қабылдаған. Егер жәбірленуші көмексіз қалса, оның салдары қандай болары туралы болжау қиын.

– Евгений Ростовскийдің қырағылығы мен батылдығының арқасында ауыр қылмыс уақытылы анықталып, “ізін суытпай” ашылды. Күдікті анықталды, қазіргі уақытта іс материалдарын сот қарастыруда. Евгенийдің батыл әрекеттері соттың жеке қаулысында атап өтілді, – деді Петропавл қаласы ПБ бастығы Ербол Тайбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz