«Қызылжар» клубы «Жетісу» командасынан басым түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Футболдан ел кубогының 1/8 финалында «Қызылжар» клубы өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдады. Бұл кездесуде жерлестеріміз жеңіске жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан кубогы аясында солтүстікқазақстандық команданың алғашқы ойыны «Жастар» стадионында өтті. Бұл жолы жерлестерімізге «Жетісу» клубы қарсылас атанды. матч басталысымен қызылжарлықтарда шабуылдауға шықты. Кездесудегі бірінші голды 11-ші минутта Младен Веселинович соқты. Кейін көптен бері нәтижелі соққы жасай алмай жүрген Тимур Мульдинов көзге түсті.

Екінші таймда жерлестеріміз қарқындарына қарқын қосты. Осы жолы нәтижелі соққының авторы Артем Черединов атанды. Қорытынды есеп 3:0. «Жастар» стадионындағы келесі ойынды солтүстікқазақстандық аяқдопшылар сәуірдің 22-сі күні ақтаулық «Каспий» командасына қарсы өткізеді. Сондай-ақ келер аптада Талдықорған қаласында «Жетісуға» қарым кездесу өтпек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz