Биыл СҚО-ға 3 мыңға жуық адам көшіріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облысқа жұмыс күші артық өңірлерден 2 660 адамды және 138 қандасты көшіру жоспарланып отыр. Оны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, өткен жылы квотаға сәйкес өңірімізге 2556 адам немесе 681 отбасы көшіп келген. Еңбекке қабілетті 974 адамның 820-сы жұмысқа орналастырылыпты.

– 652 адамға тұрақты жұмыс орны табылса, 168 адам кәсіпкерлікпен айналысуға бел буды. Оның ішінде 111 азаматқа 136 млн. теңге қайтарымсыз грант пен несие берілді. Келгендердің 1252-сы – бала. Араларында 66 студент пен 63 зейнеткер бар. 201 әйел бала күтімі бойынша демалыста отыр, – деді Ринат Елжасов.

Бағдарлама биыл да жалғасын таппақ. Бүгінгі таңда қоныс аударушыларды қабылдайтын елді мекендердің тізімі бекітілген. Келген азаматтарға материалдық көмек көрсету, оның ішінде көшуге және тұрғын үйді жалға алуға субсидиялар төлеу тетіктері қарастырылған. Тұрғын үй сатып алу немесе құрылыс жүргізу үшін экономикалық ұтқырлық сертификатын не болмаса 4 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна алу жолдары бар.

Жыл басынан бері облысқа 148 отбасы, яғни 483 адам қоныс аударған. Олардың 3 пайызы – Астана қаласынан, 26 пайызы – Түркістан облысынан және 11 пайызы – Шымкент қаласынан келген. Шет елдерден көшкен қанқандастарымыз да аз емес. Биыл 25 отбасы Қызылжар өңіріне көш басын бұрыпты. Дәлірек айтсақ, Ресейден 18 отбасы, Моңғолиядан 3 отбасы, Ираннан 2 отбасы, Өзбекстаннан бір отбасы және Қырғызстаннан бір азамат солтүстікқазақстандықтардың қатарына қосылды.

– Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған қоныс аударуды ынталандыру жөніндегі жол картасы әзірленді. Жол картасы аясында 3 жыл ішінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсете отырып, 8 мыңнан астам адамды көшіру жоспарланған. Осы жылдар ішінде барлығы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 11 инвестициялық жобаны іске асыру міндеті тұр, – деді басқарма басшысы Ринат Елжасов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz