СҚО-да азық-түлік бағасының көтерілу дерегі тіркелген жоқ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«AMANAT» партиясының облыстық партиялық бақылау комиссиясы жанындағы мониторингтік топ соңғы алты айда өңірдің 82 сауда нүктесіне барып, тұрақтандыру қорынан бөлінетін азық-түлік бағасын бақылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі тағам енгізілді. Олар – ұн, нан, макарон, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс, май, сиыр еті, тауық еті, сүт өнімдері, көкөністер және тұз. Мониторинг барысында сауда орындарында сатылатын тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасы белгіленген 15 пайыздық үстемеден аспайтыны анықталды. Сонымен қатар, кейбір тауар түрлерінің бағасын төмендету фактісі бар. Мысалы, килограмын 460 теңгеден сатуға ұсынылған қант бірқатар супермаркеттерде 394 теңгеден саудаланады.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін сататындардың қатарында – «Aimer» супермаркеті бар. Мұнда аманаттықтар барлық көтерме және бөлшек сауда бағалары белгіленген нормаларға сәйкес келетінін атап өтті. Мысалы, күріштің құны – 335 теңге, жұмыртқа – 350 теңге, өсімдік майы – 700 теңге, картоп – 110 теңге.

– Бағаға үстемеақы қосылмаған. Бірақ тізімдегі кейбір өнімдерді кездестіре алмадық . Мәселен, «Aimer» супермаркетінде тұрақтандыру қорынан берілетін ұнның кейбір түрлері жоқ. Сауда нүктесінің әкімшілігі мұны тауардың үлкен сұранысқа ие екендігімен түсіндірді, ұн тез сатылып кетеді. Бірақ тұрақтандыру қорының ұнынан айырмашылығы жоқ басқа түрі бар. Жаңа жеткізілім бейсенбіде болады деп сендірді, — деді партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александр Зель.

Қала тұрғындары тұрақтандыру қорындағы тауарлардың бағасына риза. Бағалар супермаркеттің басқа өнімдеріне қарағанда әлдеқайда арзан.

«AMANAT» партиясының мүшелері жанар-жағармай, дизель отыны, бензин бағаларын тексереді, дәрілік препараттардың бағасына мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күге дейін аманаттықтар 35 дәріхана мен 30 жанармай құю станциясына барды. Міндеті – тиісті министрліктердің бұйрықтарында белгіленген нормалардың асып кетуіне жол бермеу. Бағалардың шарықтау жағдайлары анықталса, азаматтар «AMANAT» партиясы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жүгіне алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz