Облыста сепаратизмді насихаттады деген күдікпен ұсталған үш адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен сепаратизмге қатысы бар заңсыз ұйымның үш азаматы ұсталынды. Әзірге оларға 2 ай «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы қолданылды.
– Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары «Халық кеңесінің» үш мүшесін ұстады, – делінген СҚО прокуратурасының мәлімдемесінде.