Облыс әкімі Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өңір тұрғандарына ізгі лебізін жеткізген жазба қалдырды.
— Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан айында жасаған сауапты істеріңіз бен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Әр шаңыраққа бақ-береке мен молшылық тілеймін. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын. Ораза айт қабыл болсын, ағайын! – деп жазды Айдарбек Сапаров.