СҚО-да қылмыс саны азайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері соңғы үш айдың жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінде өткен жиында тәртіп сақшылары жедел-қызметтік жұмыстың бірінші тоқсандағы нәтижелері туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларын ортаға салды. Белгілі болғандай, өңірде криминогендік жағдай тұрақты. Тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 19%-ға, ауыр қылмыстар 14%-ға және аса ауыр қылмыстар 23%-ға төмендегені байқалады. Алайда кейбір аумақтық бөліністер қылмыстардың өсуіне жол берген екен. Бұл қатарда Тайынша, Уәлиханов және Тимирязев аудандарының полиция бөлімдері бар.

Кеңесте полиция бөліністеріндегі тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі де қаралды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Арман Атанов бұл жұмыс тұрақты бақылауда екенін хабарлады.

Басқарманың жедел уәкілдері мен жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлері тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу бойынша кенеттен рейдтер жүргізеді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да ерекше назарда.
Жедел кеңестің соңғы сұрағы көші-қон қызметіне қатысты болды. Бұл туралы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов баяндады.

– Жыл басынан облыста көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2706 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 204-і – шетелдіктер. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, – деді Талғат Әбілов.

Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы шекаралас аймақ болғандықтан, өңір арқылы үлкен транзиттік ағын өтеді. Айдын Қабдұлдинов облыстық аппарат пен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ мамыр мерекелері қарсаңында облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz