Cенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Синоптиктер 2023 жылдың 22 сәуірінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, Алматы облысының қиыр солтүстік және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазақстанның орталығы мен оңтүстігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, түнде солтүстікте – көктайғақ, батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста – найзағай күтіледі.

Жетісу облысының басым бөлігінде түнде -1-6 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аймақтарында -1 градусқа дейін, Алматы облысында топырақ бетінде -1-3 градусқа дейін аяз сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз +13+15°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +24+26°С.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz