Өткен жылы ауылды жерде еңбек етуге 872 маман жіберіліп, оларды көтермеақымен қамтамасыз ету мақсатында 267,1 млн. теңге бағытталды. Биыл бұл сома едәуір аз бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, былтыр елді мекендерге қоныс аударған 259 жас қызметкерге жеңілдетілген несиемен үй сатып алуға 1 млрд. 125,2 млн. теңге берілді. Осы жылы бұл мақсатқа респуликалық бюджеттен 1 млрд. 35 млн. теңге бөлу қарастырылып отыр. Нәтижесінде 200 маман мемлекеттің қолдауы арқасында жаңа баспана тұрғызуға немесе пәтер алуға мүмкіндіктері болады.
Жоспар бойынша өңірдің алыс-жақын ауылдарына қолына диплом алған 546 жас маман жөнелтіледі. Көтермеақыға қарастырылған қаражат көлемі 188,4 млн. теңгені құрамақ.