СҚО-да сегіз азамат 7,7 млн. теңгеден айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста бір тәуліктің ішінде сегіз азамат интернет-алаяқтықтың құрбаны атанды. Қылмыскерлермен келтірілген залал мөлшері 7,7 млн. теңгеден асты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтардың торына түскендердің арасында екі зейнеткер, білім беру ұйымдарының үш қызметкері, бір дәрігер және екі жұмыссыз жүрген азамат бар.

Сегіз интернет-алаяқтық фактінің төртеуі «OLX.kz», «Kaspi.kz» қосымшалары арқылы тауар сатып алу кезінде, үшеуі «ForteBank» және «Tengo.kz», «Creditium» микроқаржы ұйымдарында онлайн-кредит рәсімдеу уақытында, тағы бір дерек сапасыз тауар үшін ақшаны қайтаруда алданды. Барлық жәбірленушілер банк деректемелері мен ұялы телефонға түскен СМС-кодтарды үшінші тұлғаларға беріп алаяқтықтың құрбаны болды.

– Прокурорлар азаматтарды қырағы болуға және тексерілген интернет-ресурстарға сенуге, ресми интернет-сайттарда немесе call-орталықтар арқылы жаңа қызметтердің дұрыстығын тексеруге шақырады. Банк карталарының деректемелерін және CVV – кодты бөгде адамдарға беруге болмайтынын ескертеді, – дейді прокуратура мамандары.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдарына өңірдің 284 тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Залал сомасы 685 млн. теңгені құрағанын атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz