Петропавлда көрші елден заңсыз әкелінген кішкентай балалар табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облысқа Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

18 сәуір СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді.

Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.

Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты аталған факті 19 сәуірде ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел тергеу тобы құрылды. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алынып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz