Жастар есірткіге қарсы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өмірде түрлі қиындыққа тап болғандар мәселелерін есірткі пайдалану арқылы шешуге тырысады. Осылайша оң жолдан тайып, теріс әрекеттердің жетегінде кетеді. Нашақорлықтың зияны туралы қала полицейлері Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттеріне түсіндіріп берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер колледждің сахнасында мұғалімдермен және студенттермен бірлесіп, есірткіге қарсы арнайы концерттік бағдарлама әзірледі. Шығармашылыққа бейім жастар үзеңгілестеріне ән, би ұсынды. Сондай-ақ жастар алдында СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, психикалық денсаулық орталығының мамандары, спортшылар сөз сөйледі. Бұдан бөлек, көрермендерге психотроптық заттардың зияны туралы бейнероликтер де көрсетілді.

– Нашақорлықтың алдын алу бойынша жастармен әртүрлі сипаттағы жұмыстар жүргізіледі. 17-21 сәуір аралығында өткізілген “Өрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында концерттен басқа, әкімдікпен бірлесіп, белсенді еріктілердің қатысуымен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығымен бірге “тәуекел тобындағы” жасөспірімдерге арналған дөңгелек үстел өткзілді. Осы 5 күнде жедел жұмыс та күшейтілді. 11 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның екеуі есірткі заттарын өткізу фактісі болды, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz