СҚО-дан Cенатқа сайланатын үміткерлердің есімдері белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланып, мезгілсіз көз жұмған Гүлмира Кәрімованың мандатын иеленуге ниетті 3 кандидат құжат тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— 24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған 3 кандидаттан құжат келіп түсті:

Махиня Евгений Сергеевич;

Есдәулетов Жақсылық Төлеуұлы;

Жалғасбаев Біржан Нұрмаханұлы.

Кандидаттардың ҚР Конституциясының және «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталып жатыр, — делінген әкімдіктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылды. Дегенмен, кейін Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Гүлмира Кәрімованың өліміне тікелей себеп жүрек талмасы екенін мәлім етті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz