Биыл «Қызылжар су» ЖШС инвестициялық бағдарламаға 140 млн. теңге бағыттамақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 334 млн. теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл қаражатқа су құбыры мен кәріз желілері ауыстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былтыр «Қызылжар су» ЖШС 126 млн.-нан астам теңгеге су желілерін жөндеді, 316 құдықты қалыпқа келтірген. Сондай-ақ 115-ін күрделі жөндеуден өткізген. Ал 57 млн. теңгеге кәріз коллекторлары ауыстырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәріз желілерінің тозуы 2 пайызға азайды.

– Инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 5,3 шақырымды құрайтын 38 учаскеде су құбыры және жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын 9 учаскеде кәріз желілері ауыстырылды. Сондай-ақ инвестициялық бағдарлама бойынша сорғы жабдықтары сатып алынды. «Қызылжар су» ЖШС 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға 140 млн. теңге бөлді, – дейді «Қызылжар су» ЖШС басинженері Ербол Нәбиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz