Қазақстанда қосалқы бөлшек ретінде әкелінген автокөліктер заңдастырылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мамыр айының ортасында Қазақстанда қосалқы бөлшек немесе автоконструктор ретінде әкелінген көліктерді заңдастыру басталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба Үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтіліп отыр.

Үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң ол қолданысқа енгізіліп, сонан соң автоконструкторларды тіркеу басталады.

Бұған қоса Ішкі істер министрлігінің өкілі 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz