Ережені елемеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қараша мен сәуір айларында 68 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда полицейлер «ақылды» бейнекамералардың жұмысын талдай отырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтады. Шетелдік есепте тұрған «Lada Priora» автокөлігін тізгіндеген азамат өткен жылдың қараша айынан бастап, жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан асып кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Құқық бұзушының деректері бағдарға енгізілді. «МЕГАКАМ. ҚОРҒАУ» қосымшасын пайдалана отырып, оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді.

Жақында Петропавл қаласының полицейлері бір айда белгіленген жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы азаматты жауапқа тартты. Саумалкөлде тағы бір жылдамдықты асыруға құмар жүргізуші тоқтатылды. Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Екеуі де ресейлік есепте тұрған «ВАЗ» автокөліктерін басқарыпты. Олар «ақылды» бейнекамералардың көмегімен анықталды.

– Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмыс істейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, аялдама желісі мен жылдамдық режімін бұзу фактілерін анықтайды. Олар полицияның сенімді құралы саналады. Жыл басынан бері олардың көмегімен СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz