Петропавлда жас күйшілер байқауы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Домбыра – дастан»  деген атаумен   республикалық күй жарысы өтті. Сайыс білім беру саласының үздігі  Серікбай Здуалиевті еске алу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

– Соңғы жылдары бұл күй бәйгесін өткізу дәстүрге айналып келеді.  Өткен жылы Ақжар ауданындағы  Талшық ауылында өткіздік.  Осы жолы жарыстың шарттарына өзгерістер енгізілді.  Үміткерлер жұп болып өнер көрсетті.  Белгілі күйшілерден құралған қазылар алқасының мүшелері  балалардың  домбырада  ойнау техникаларына, дыбыс тазалығына және сахналық мәдениетіне көңіл аударды, — дейді жобаның жетекшісі Тұңғыш Бекенайұлы.

Сайысқа домбыраның құлағында ойнайтын 22 жас қатысты. Сайдың тасындай іріктелген олар  жұп-жұпқа бөлінді.

Жарыста Қызылорда,  Қарағанды облыстарының өнерпаз өрендері  бақтарын сынады. Нұрмұхамед Жақанов Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің намысын қорғап келіпті.   Ол 8 жылда 80-ге тарта күйді тартып үйренген.

Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде Қызылорда облысының   Сырдария ауданындағы өнер мектебінің оқушысы  Дінмұхамед Алмасұлына бұйырды.  «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің тәрбиеленушісі Мирас Кенжебаев, айыртаулық Аяжан Таттыбаева, Ғабит Мүсірепов атындағы  ауданның  намысын арқалап келген  Мансұр Сүлейменов жүлделі бірінші орынға ие болды. Бір топ талапкерге екінші және үшінші дәрежелі дипломдар табысталды. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлыққа ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz