Айдарбек Сапаров өңір тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров солтүстікқазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, ізгі тілегін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қиындықтарды еңсеру және алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қоғамдағы келісім мен тұрақтылыққа, өзара қолдау мен жасампаздық еңбекке ерекше назар аударады.

Бұл мереке көктемгі күннің шуағы мен жылылығына орандырып, жанды жадыратады және күш-қуат сыйлайды. Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздің және туған өлкеміздің игілігі үшін адал еңбек етіп жатқандарға алғыс айту үшін берілген тағы бір мүмкіндік.

Облысымыздың құрылуына бірнеше буынның еңбегі сіңді. Біздің өңірдің  қол жеткізген барлық жетістіктері Солтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан  әртүрлі этнос  өкілдерінің ынтымақтастығы, достығы мен бірлігінің арқасында  мүмкін болып отыр.

Солтүстік Қазақстанның мақтан тұтатын табыстарының барлығы – оның тұрғындарының күш-жігерінің нәтижесі. Бізді алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығында, көлік инфрақұрылымында, тұрғын үй құрылысында ірі жобаларды  жүзеге асыруға  тиіспіз.

Біз барлық бағыттар бойынша  жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етеміз, бұл Солтүстік Қазақстан облысында өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, — деді СҚО әкімі.

Фото: СҚО әкімінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz