Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2023 жылдың қаңтар айының аяғында жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды. Бір айдан кейін қылмыстық іс қозғалып, бүгін, яғни 1 мамырда Астанада қылмыстық іс жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл жөнінде Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов «Патриот» басылымына түсініктеме берді.

— Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті, — дейді Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

ҚР Парламенті сенатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 2023 жылғы 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Ол 45 жаста еді. Алдын ала «анафилактикалық шок» деген диагноз қойылған еді, бірақ 28 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі өлімге жедел миокард инфарктісі себеп болғанын хабарлады. 25 ақпанда сенатордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz