Енді жеке басын куәландыратын құжат алу үшін азаматтар әлеуметтік мәртебесін растамайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдіктер берушілердің мәртебесін растаудың қажеті жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялауды іске асырды. Бұл оларға жеңілдіктің бар екені туралы растайтын құжаттарды ұсынбай паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.

— Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірінің өкілі болып табыла ма, жоқ па, оны автоматты түрде анықтайды, — деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.

Жеңілдік санатына жататындар:

  • «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа»алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • мүгедектігі бар адамдар – Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жетім балалар және басқалары.

Сонымен қатар,Еңбек министрлігі базасындағы балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік мекемелерде тұратындар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жеткізгіште растауы қажет.

Бұдан басқа биыл ақпан айында салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілген өзгерістер енгізілді. Түзетулер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz