Облыс тұрғынынан заңсыз сақталған мылтық тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыс тұрғындарынан заңсыз сақталған 55 бірлік қару тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 56 жастағы тұрғыны Есіл жағасынан мылтық тауып алған. Полицейлер тіркелмеген «ИЖ-58» қос ұңғылы мылтықты ер адамның қора-қопсысынан тапты. Тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша жауапкершілік жүктелді.

– Тіркелмеген қару қауіптің көзі саналады. Жыл басынан бері облыстың 3 тұрғыны полицияға табылған қару туралы мәлімдеді. Тағы 16 адам өз еркімен заңсыз сақталған қару-жарақ үлгілерін тапсырды, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Қаңтар айынан бастап полицейлер СҚО тұрғындарынан тіркелмеген 55 бірлік атыс қаруын тәркіледі. Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, биыл өткізілген “Құқықтық тәртіп” екі жедел алдын алу іс-шарасы аясында 45 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде жеті шолақ мылтық, 2 бірлік мылтық және 229 түрлі калибрлі патрон бар. Бұл жұмыс криминогендік жағдайды тұрақтандыру мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz