СҚО әкімі құрылыс компанияларының жұмысын сынға алды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен бірге Петропавлдағы құрылыс алаңдарын аралап, жаңа үйлерге инженерлік желілерді тарту және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Порфирьев және Горький көшелерінде бой көтерген үйлердің жай-күйін көрген өңір басшысы аулаларға ойын алаңдарын орнату, жаяу жүргіншілер жолдарын төсеуді жеделдету керектігіне назар аударды.

1212 1

Порфирьев көшесі, 60 мекен жайы бойынша орналасқан 72 пәтерлі үй 2021 жылдың қазан айында тұрғызылған болатын. Алайда республикалық бюджет есебінен салынған баспана әлі халық игілігіне тапсырылмаған. Басты себеп – құрылыс компаниясының инженерлік желілерді тарту жұмыстарына жүрдім-бардым қарауы.

– Үйдің құрылысына бір компания, инженерлік-коммуникациялық желілерді тартуға өзге мердігер жауапты. Ал абаттандыру жұмыстарын басқа фирма жасайды. Бір-бірлеріңізді күтіп жүрсіздер. Салдарынан жұмыс уақтылы аяқталмай жатыр. Біреуі бір істі тындырып жатқанда, басқасы өзге шаруаны атқаруы қажет, – деді облыс әкімі.

Горький көшесіндегі үйлерге де инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту жұмыстары аяқталмаған. Соның салдарынан үйдің маңы абаттандырылмай отыр.

«Жас өркен» шағынауданында салынып жатқан көпбейінді емхананың құрылысына «Альфа-Север» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Бұл емдеу мекемесі халық игілігіне өткен жылдың жазында тапсырылуы тиіс болатын.

— Тапсыру мерзімін кешіктірген компания күн-түн демей жұмыс істеуі қажет. Әлі аумағы да абаттандырылған жоқ. Үш ауысыммен жұмыс істесеңіз, барлығын үлгеруге болады, – деген Айдарбек Сапаров әлеуметтік нысанды маусым айының ортасына дейін аяқтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz