Облыстың «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында өз жобасын жүзеге асыратын он бірінші компания тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Дархан Әмірин жазды.
– Петропавлда тағы бір зауыттың құрылысы басталады. «Kazkran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жобасын жүзеге асыратын болады. Бұл компания жүк көтергіштерді шығарады. Оның жылдық қуаты 100 бірлікті құрамақ. Тың кәсіпорынның ашылуымен 150 адам жұмысқа тартылады, – деп жазды Дархан Әмірин.
Жаңа өндіріс ошағы 2024 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.