Мамырдың 6-сы күні Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Алтын Арман» базарында – Ақжар, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандарының, «Қызылжар-Ақбастау» базарында – Есіл, Жамбыл аудандарының, «Дария» базарында Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сауда жасайды.
Қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ет, сүт өнімдері, көкніс, жұмыртқа ұсынылатын болады. Жәрмеңке 8:30-да басталып, 12:00-ге дейін жалғасады.