Петропавлдағы зауыт қорғаныс саласына қажетті құрылғыларды шығаруда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-да қорғаныс саласына қажетті микросхемалар құрастырылуда. Заманауи электронды платалар әскери техникада қолданылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа электронды схемалар 16 қабаттан тұрады. Бұл платаларды әзірге ТМД-ның тек екі-ақ мемлекеті, Қазақстан мен Ресей шығарады екен.

– Микросхемалар әскери техникада қолданылады. Қорғаныс саласына қажетті платаларды тапсырыс бойынша жасаймыз. Біреуін құрастыруға 2 күн уақыт кетеді, — дейді зауыттың инженер-технологы Анна Зарецкая.

Зауыттың мамандары кең диапазонды рацияларды шығару ісін де қолға алған. Өткен жылы ҚР Қорғаныс министрлігі бұл құрылғыларды сынақтан өткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz