Елімізде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстанда конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат етілді, үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жыл басынан бері vемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды.

— Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды, — делінген үкімет хабарламасында.

Тіркелу үшін:

  • өтініш;
  • ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеріп-қарау актісі;
  • техникалық тексеріп-қараудың диагностикалық картасы болуы қажет.

Автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Айта кету керек, ҚР-ға қосалқы бөлшектер түрімен әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген автокөлікті тіркеу куәлігінде меншік құқығын өзгертуге тыйым салу және тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат беру туралы жазба көрсетіледі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акция басталғалы республика бойынша 107 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Сонымен қатар 14 мыңға жуық конструктор-автокөлік анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz