Шахматтан жарыс өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда балалар мен жасөспірімдер арасында шахматтан ашық біріншілік өтуде. Оған 70-тен астам жас шахматшы қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарыс «рапид» ережесіне сәйкес өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахмат – балалардың ой-өрісін жетілдіруге, математикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

– Турнир үш күнге шақталған. Алдымен аула клубтарының тәрбиеленушілері сынға түседі, кейін әуесқойлар қатысады. Жарыс Отан қорғаушы күні мен Жеңіс мерекесіне орайластырылды. Оқушылар 7 жас санаты бойынша жеңімпазды анықтайды, — дейді жарыстың төрешісі Александр Новичков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz