СҚО-да ПД басшылығы ІІО ардагерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ішкі істер органдарының ардагері Владимир Ипполитовпен жолықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Владимир Ипполитов Түмен облысында дүниеге келген. 1942 жылы оның әкесі майдан даласындағы ұрыстарда із-түссіз жоғалып кеткен. Бала күнінде, соғыстан кейін жастық шағында өмірдің түрлі ауыртпалығын көріп, шыныға түсті. Жұмыстан қолы босаған уақытта көп оқып, шығармашылықпен, спортпен айналысқан. 1962 жылы погон тағып, Қазақ КСР ІІМ ішкі және айдауылдау күзетінің 247 жеке дивизионының 3-ші командасының құрамында топ командирі болып қызметін бастаған. Ішкі істер органдарынан зейнетке 1985 жылғы 5 маусымда милиция майоры шенінде, облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі бастығының орынбасары лауазымымен шыққан.

Айдын Қабдұлдинов зейнеткерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, жас буынға беріп жатқан тәрбиесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мереке қарсаңында полиция қызметкерлері облыстық ведомствоның бастығы Айдын Қабдұлдиновпен бірге Қызылжар ауданындағы Березовка ауылында орнатылған Кеңес Одағының Батыры, милиция подполковнигі Филипп Чижиковтың обелискісіне гүл шоқтарын қойды.

Филипп Чижиков осы ауылда өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басында дүниеге келіпті. Ұлы Отан соғысындағы ұрыстарда болып, кейін милиция қатарында қызмет атқарған. Кеңес Одағының Батыры, Ленин орденінің кавалері, «Алтын жұлдыз» медалінің иегері Филипп Чижиков бейбіт уақытта милиция подполковнигі шеніне дейін жеткен. Зейнетке шығар алдында Воронеж облысының ішкі істер басқармасында басшылық қызметтерде еңбек еткен.
Березовка ауылының тұрғындары, оқушылар мен полицейлер солтүстікқазақстандықты бір минут үнсіздікпен еске алып, обелискіге гүл шоқтарын қойды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz